Арман атты теңіз
Арман атты көк теңіздің кемесінде,
Жүзіп келе жатқандай сезіндім де.
Ту сыртымнан өткір пышақ жараласа
Қалдым ба екен арман қиял жетегінде?
Қаншама рет жығылдым сүріндім де,
Кейде толқып,мұңайдым,күрсіндім де.
Арманымды жүзеге асырмақшы ем
Адамдардың сөзінен сескендім бе?
Әрекетің дұрыс емес мүлдем ерсі,
Бола алмайсың сен ондай-болдым мезі
Жете алмайсың ешқашан өспейсің сен,
Келмейді ғой қолыңнан, білем сені
Эх,адамдар сынған бұтақ секілденген
Болар әркім бірде жауын нөсерленген
Тыңдамасқа себеп те жоқ кемелденген
Шаршатып ақ,жан жараңды езеді екен
Бұл өмірдің сынақ жолын дөп түсінгем
Кертартпашыл сөздерінен көп жеңілгем
Ойым айнып, адамдардың сөздерінен,
Ақымақ боп арманымнан көп берілгем!
Қалықтайды ай астында тәтті бір ой
Қиял жүйрік тұнығына беттедім ғой
Арман атты көк теңіздің ақ кемесі
Асқақ арман бекетінен өтпедің ғой!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі